Мансап орталығы
Астана халықаралық университетінің (AIU) Мансап орталығы 2023 жылы студенттер мен түлектерге кәсіби бағдар беру және жұмысқа орналасуға жәрдем беру үшін құрылды.
Орталықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби әлеуетін дамытуға, еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына және жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуына жан-жақты қолдау көрсету. Сонымен қатар студенттерге болашақ мансабын жоспарлауға көмектесуге және оларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Мансап орталығы қызметінің негізгі бағыттары
- Кәсіби даму және мансаптық бағдар: студенттердің табысты жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуіне қажетті әлеуметтік және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған кездесулер, семинарлар, курстар мен тренингтер ұйымдастыру.
- Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу: студенттер мен түлектерге бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру, жұмыс берушілердің өтінімдерін өңдеу және мамандықтарға сәйкес жұмыс орындарын ұсыну.
- Кәсіби тағылымдамалар: білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында кәсіби тағылымдамалар ұсынып, тәжірибелік мүмкіндіктерді арттыру.
- Консультациялық қолдау: түйіндеме әзірлеу, жұмыс іздеу, сұхбаттасу және мансаптық жоспар құру мәселелері бойынша студенттер мен түлектерге кеңес беру.
- Мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілермен ынтымақтастық: түлектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен өзара байланыс орнату.
- Білім беру грантын жұмыспен өтеу мәселесі: мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алған түлектердің білім беру грантын жұмыспен өтеу мәселесі бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-мен байланыс орнату.
- Түлектердің мансаптық мониторингі: түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші мен кәсіби өсу динамикасын бақылау және талдау.
Жұмыс берушілермен серіктестік
Мансап орталығы студенттер мен түлектердің еңбек нарығына шығу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жұмыс беруші компаниялармен және ұйымдармен ынтымақтастық орнатады.
Қазіргі уақытта орталықтың серіктестері қатарында hh.kz жұмыс іздеу платформасы бар. Аталған ынтымақтастық студенттер мен түлектерді бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге, жұмыс іздеу үдерісін жүйелеуге және жұмыс берушілермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Мансап орталығының миссиясы
Мансап орталығының миссиясы – әрбір студентпен жеке жұмыс жасай отырып, олардың кәсіби әлеуетін ашуға, мансаптық бағытын айқындауға және еңбек нарығында өз орнын табуға мүмкіндіктер ұсыну.
Біз студенттерге жұмысқа орналасу кезеңіне дейін жан-жақты көмек көрсетеміз.
