«ӨҢІРЛЕРДІҢ ДЕРБЕСТІГІН АРТТЫРУ ТҰРҒЫСЫНАН БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2022 ж. 22 мау., ср, 11:00

Экономика жоғары мектебінің ұйымдастырумен бюджетаралық қатынастар мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің модераторы э.ғ.д., профессор, «Заманауи қоғамды зерттеу институты» ЖШС директоры М. З. Қажыкен болды.

Іс-шараға қатысқан: э.ғ.д., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару институтының профессоры А.Б. Зейнельғабдин, э.ғ.к., ESIL University қауымдастырылған профессоры, Р.К.Берстембаева; сарапшы, тәуелсіз экономист, «OilGasProject» ЖШС директоры Ж.Ахметов, Астана Халықаралық университеті президентінің кеңесшісі К.Т.Оспанов, Экономика жоғары мектебінің деканы З.К.Смағұлова, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері (БГЭУ Минск қ., ТОУ, ИнЕУ). Қатысушылар Қазақстан Республикада жарияланған және іске қосылған саяси реформалар аясында бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау мәселелерін қарастырды. Атап айтқанда, ұлттық табысты әділ қайта бөлу, кіріс көздері мен шығыстар бойынша міндеттемелерді әділ бөлу критерийлерін айқындау, мемлекеттік басқару деңгейлерінің бюджеттік өкілеттіктерін бекіту міндеті, республикалық бюджет пен ҚР субъектілері бюджеттерінің кірістері бойынша үлестердің арақатынастарындағы сәйкессіздіктер проблемасы, Салық кодексінің тар жерлері және т. б. қозғалды. Ашық пікірталас барысында кешенді зерттеуді, талдауды және пысықтауды талап ететін Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастардың өзекті аспектілері мен проблемалары белгіленді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Экономика жоғары мектебі базасында талқылау және сарапшылар қауымдастығын біріктіру үшін тұрақты алаң ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.


1238